Көлік өртеніп, сәби зардап шекті

Қостанай облысында салонында екі жасар сәби отырған көлік өртенді, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс", "Алау" порталына сілтеме жасап. Snimok1Оқиға 9 қыркүйекте Затобол кентінде болған. Облыстық ТЖД өкілдері "Светофор" сауда орталығының аумағында "Лада Приора" маркалы автокөлік өртенгенін айтты. Өрт салдарынан екі салонда отырған екі жасар баланың беті және қолы күйіп қалған. Оқиға болған кезде ол көлік салонында отырған. 
Зардап шеккен бала облыстық ауруханаға жеткізілді.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт аумағы – жеті шаршы метр. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓