Жемқор мемлекет алдындағы айыбын өтеді

Қалалық соттың 30-сәуірдегі үкімі Берік Құрамысовты қылмыс жасады деп тапқан болатын. 12 млн теңге көлемінде айыппұл мойнына жүктелді. Мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ету мүмкіндігінен мәңгілікке айырылды.  Тіпті, меншігіндегі 15 200  АҚШ долларына татитын мүліктері де тәркілеуге алынды. Бұл жазалардың бәрі – жемқорлықтан көрген «пайдасы».Жемкорлык-1
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш айыпкер «Стикс 2012» ЖШС басшысы, жер телімдеріне қатысты мәселенің шешімі үшін, М.Чуесенко атты азаматтан 200 мың теңге қаржы талап еткен. Солайша, жемқорлық дерегі бойынша тәртіп сақшыларының құрығына іліккен-ді.
Үкім заңды күшіне осы жылдың 18 мамырында еніп, Құрамысов тарапынан міндеттелген айыппұлдар түгелдей мемлекет кірісіне аударылды.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓