Түнгі сот жұмысын бастайды
Қазақстанда түнгі соттар жұмыс істей бастайды. Қостанай қалалық әкімшілік соты бұл жаңашылдықты енгізуге даярлықты бастап кетті. Бүгінде сот кезекшілігінің кестесі ұйымдастырылып жатыр.Түнгі соттар жұмысын ұйымдастырудың тиімділігі сол – әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау мерзімін 100-ден 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұл, мамандардың айтуынша, азаматтарға да қолайлы.Олар кешкі18.30-дан 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Дей тұрғанмен, "бейуақыт" сот барлық істі қарамайды, тек екі бап бойынша – көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуы және мас күйінде рөлге отырып, мас күйінде рөлге отырып, ЖКО-на тап болушылардың істері өз кінәларын мойындап, залалды өтеуге келіскен жағдайда қаралады.
Жыл сайын Қостанай әкімшілік соты 8 мың істі тергесе, соның 3 мыңдайымен нақ осы екі бап аясында айналысады. Егер аталмыш пилоттық жоба оң нәтиже беріп жатса, таяу келешекте отбасы-тұрмыстық қатынастар шеңберіндегі құқықбұзушылықтар туралы істерді қарауға да араласуы мүмкін.