Салық төлеуді кешіктірмейік

Меншігінде көлік құралдары бар азаматтар жыл сайын салық төлеуге міндетті. Салық  кодексіндегі  өзгерістерге  сәйкес  жеке  тұлғалар  көлік құралдары салығын 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Арман Жүрсінәлин мәлімдеді.
Айталық, салық көлемі жылдың 1 қаңтарында белгіленген айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.
– 2022  жылғы 24 наурыздағы  жағдай  бойынша  5287 салық төлеушінің (2021 жылғы есептеулерді есепке алмағанда) көлік құралдары салығы бойынша 83 млн теңге берешегі бар. Салық  төлеушілер  2021  жылға  арналған  көлік  салығының  сомасын дербес есептей алады. Ол үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында «көлік салығын есептеу» сервисіндегі «электрондық сервистер» / «калькулятор» бөліміне кіріп, e-salyq Azamat – «Калькулятор» мобильді  қосымшасы  арқылы  есептеуді  жүргізу  қажет. еGov.kz  порталында, барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді авторландыру және ЭЦҚ-ға қол қою қажеттілігінсіз төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Порталда төлеу үшін еGov.kz «салық және қаржы» – «төлемдер» – «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөліміне өтіп, «онлайн төлеу» батырмасын басу арқылы  қызметке тапсырыс беру қажет, – А.Жүрсінәлин.
Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кіріс органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптама кодын енгізгеннен кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық рәсім аяқталғаннан  кейін  төлем  фактісін  растайтын  электрондық  чек  беріледі. Салықтарды төлеуді  E-salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы  арқылы,  Қазпошта  бөлімшелерінде, сондай-ақ  ЕДБ (halyk, kaspi) мобильді қосымшалары арқылы жүргізуге болады.
Көлік  салығынан келесі азаматтар босатылады: 
– ҰОС  қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар, көп балалы аналар; салық кодексінің 490-бабы 3-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген тұлғалар – қозғалтқыш көлемі 4000 текше см-ге дейін бір автокөлік құралы барлар;
– мотоколяскалар мен автомобильдер бойынша мүгедектер –қозғалтқыш көлемі 4000 текше см-ге дейін бір автокөлік құралы барлар;
– пайдалану мерзімі 7 жылдан астам, а/ш құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған жүк көліктері барлар.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓