Өнерлі отбасы – ел мерейі
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы белгілі өнермен дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.

Кәдіржан Сахабеденұлы мәдениет үйінде қызмет жасай жүріп, өнерлі шәкірттер тәрбиеледі. Олар облыстық байқауларды топжарып, ел мерейін өсіріп, ұстаздың үкілі үмітін ақтады. Шәкірттерінің жеткен жетістіктері Кәдіржанның арқасы. Өнерлі отбасының ұйтқысы әрі тірегі бола білген Кәдіржан мен Гүлбану бір ұл,үш қыз тәрбиелеп, бақытты ата – ана атанды. Ұлы Мұратбек пен қызы Гүлнар Астана қаласында өздерінің кәсіптерін жандандырса,келіні Гүлбаян қалалық әкімдікте жұмыс істейді.Майнұр Астана қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы университетінің қаржы және экономика факультетін тәмамдап, аталмыш оқу орнында мамандығы бойынша қызмет жасап жатыр. Жанар осы жоғарғы оқу орнында информатик – программист факультетінің сырттай бөлімінде оқи жүріп, Астана қалалық Сарыарқа ауданы әкімдігінің қабылдау бөлімінің қызметкері. Киелі өнерді дәріптеп, қастерлей білген Хасенхановтар отбасы ауданымыздың мақтанышы. Торғайдың төл өнерінің дамуына үлес қосар осындай отбасылар көп болса игі.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы