Ескі жағажайдың жаңа дәурені

"ССКӨБ" АҚ-ның 300-ден астам жұмысшысы тізе қосып, Рудный қаласының МЖК ауданындағы ескі жағажайда ауқымды сенбілік жасады. субботник
Қалалық әкімдіктің Жастар ресурстық орталығы мамандарының мәлімдеуінше, жағажайды тазалау жұмыстары биыл қолға алынып, кейін аяқсыз қалған. Күл-қоқыс, қалдықтардың өте көптігінен сенбілікті тәмамдауға еріктілер күші жеткіліксіз болыпты. Бірнеше жыл бойы жиналған қоқтықты ысыруға кеншілердің жұмылдырылғаны мәселені түбегейлі шешуге сеп болды. Олар аумақты "айтақыр" етіп қана қоймай, өзеннің түбін де тазалады. Түрлі темір-терсек тысқа шығарылды.субб
Ірі көлемді сенбілік жағалауға табиғатты аялауға үндейтін ақпараттық кестешелер орнатумен аяқталды.суб
"Хорошое дело" сайтынан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓