Судың сұрауы кімнен?
Газет редакциясына Қымбат есімді Қостанай қаласының тұрғыны хабарласты. Айтуынша, кешелі бері "Аэропорт" шағын ауданының №36 үйінде су жоқ. Оқиғаның мән-жайын білу үшін Қостанай жылу-энергетикалық компаниясына қоңырау шалдық.
– «Аэропорт» шағын ауданының өзіндік жылу алмастырғыш құрылғысы бар. Сол себепті, шағын аудан тұрғындарына жылы су «Қостанай -Су» компаниясының су құбыры арқылы беріледі, – деді компанияның баспасөз хатшысы Салтанат Қасенова.
Ал «Қостанай-Су» компаниясының мәліметінше, ол аймақта апаттық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Алайда, үйлер бүгін судан ағытылмаған.
– Біз барлық желілерді тексердік. Аталмыш №36 үйде су ағып тұр. Қызметкерлер апат болып жатқан жерді кеше жөндеді. Арнайы су тасушы көлік тұрғындарға су таратты. Бүгін сағат 11:15-те пәтерлерге су толығымен берілді, – деді «Қостанай-Су» компаниясының баспасөз хатшысы Дана Сейсенғалиева.
Сонымен қатар, баспасөз хатшысы 6 қыркүйек күні сағат 09:00-ден кешкі 22:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша ауызсу болмайтынын ескертті:
– Уральский 2, 4, 6, 8, 4/1;
– Уральский 6, 6/1, 4, 8, 10, 2а;
– Леонид Беда 126;
– Мәуленов 30а, 30б, 18/3, 18/1, 18, 16а, 14, 14/1, 12/4, 12/1, 12/2, 12/3а, 12а, 10б, 2, 4, 6, 8, 10/1, 10/3, 10/5, 19, 17, 16;
– Аэропорт шағын ауданы.
Әлеуметтік нысандар:
– Мәуленов көшесі, 21 (Мемлекеттік мүлік департаменті);
– Мәуленов 15 (Наубайхана);
– Мәуленов көшесі, 10а (Балық дүкені);
– Мәуленов 16 (баспа);
– Мәуленов көшесі, 35 (Уч.Комбинат, АБВГД);
– Мәуленов көшесі, 16/2 (Альтаир);
– Мәуленов көшесі, 11а (Бейімделу орталығы);
– Досжанов 157 (Ориоле);
– Уральский 2-ші жол (Ирина және К);
– Уральская көшесі, 33 (Дормаш);
– Уральская көшесі 35 (ABZ +);
– Уральская көшесі, 14 (Стомед тобы).
«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.