Елордада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиын өтті

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

1620486_660073227443441_8224348196026629708_n-620x330

Шараға Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Түркия Парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз қонақ болды. Тарихи тойдың тұсауын Елбасы өзі кесті. Қазақстандықтарды торқалы тойымен құттықтап, салтанатты жиынды ашты. Содан соң Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны шырқалды._iNUAuemDjg«Құрметті ханымдар мен мырзалар, мәртебелі меймандар!  Сөзімді бастамас бұрын, бүгінгі күні түркі тектес мемлекеттердің 5-ші саммиті өтетін күніменен біздің мерекеміз дәл келгенін айтып өтейін. Сондықтан осы жиынға  қатысып отырған құрметті қонақтарымыз Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті құрметтейміз. Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаевты зор құрметпен қарсы аламыз. Ердоған мырза алдындағы шаруаларына байланысты маған телефон шалып, уәкілі ретінде Ұлы Түрік жиылысының төрағасы Исмет Йылмазды жіберді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

IMG_0276

Айта кетейік, дүбірлі тойға біздің облыстан да арнайы делегация аттанған болатын. Олардың арасында «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков те бар.

P1BngsOKzvo

IMG_0294Мереке аясында Астанада ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Басты салтанатты шара «Қазақ елі» монументінің алдында ұйымдастырылды. Онда үлкен этноауыл құрылып, қазақы тұрмыстың көрінісі сомдалды.   

edO4IylQIyE (1)Өз сөзінде Елбасы бүгінгі той ең алдымен батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету, олардың тағдырының сан алуан қиындықтардан сүрінбей өткен ата тарихтан тағылым алу үшін өткізіліп отырғандығын еске салып өтті.   
3apWleFfrxs
IMG_0293
 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓