Нақты мақсатқа қол жеткізетін жол

????????????????????????????????????Қайрат Сүйіндіков,
Қостанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі:
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында тұңғыш рет ел Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау менің әріптестерім –  мемлекеттік қызметшілердің ойынан шықты.
Жолдауда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың Бес институционалдық реформасының жалғасын көріп отырмыз.
 «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауда мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерге қатысты мәселелерді (ашық айтты) қарастырды: жұмыс сапасы, мемқызметтің дамуы және шабыттандыру және қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыру.
Мемлекеттік қызмет қатарына даярланған мамандарды тарту, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру мақсатын қойып, осы салада еңбек етіп жүрген кадрларды материалдық демеу арқылы жақсарту керек екенін айта кетті.
Келесі жылдан бастап елімізде мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту басталады. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы Жолдауында осылай деді.
Президент мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлерінің саны 2024 жылы 25 пайызға азаятынын айтты. «Жергілікті билік өкілдері тұрғындармен ашық тілдеспейді. Олардың мәселесіне терең үңілмейді. Сол себепті жұрт көп жағдайда мемлекет басшысына жүгініп жатады. Сондықтан біз Президент аппараты жанынан арнайы бөлім құрдық. Олар мемлекеттік органдардың бұқара мәселесін қалай шешіп жатқанын бақылаумен айналысады», – деді.
Біз, 2020 жылдан басталатын мемлекеттік қызметкерлердің санын біртіндеп қысқарту болмай қоймайтын үрдіс екенін түсініп отырмыз.
Әрине, қысқарту болады. Бірақ біз бұл арқылы мемлекеттік аппаратты жетілдіре түсетін жол деп қарастырамыз
Осы арқылы «Ести білетін мемлекет» құрып, пайдасы мол («пайдалы»), әдепті кадрларды қалдыра білуіміз керек.
Президент бізге тиімді  және әсерлі құралды ұсынды –  аймақ тұрғындары арасында әкімдердің жұмысының тиімділігі туралы сауалнама жүргізу.
Бұл мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар халықтың мәселелерін шешуде қоғамдық диалогтың белсенділенре түсетініне сенемін.
Осылайша, біз елдің билікке деген сенімін арттыра аламыз.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓