Қолбайлау – вакцина тапшылығы

Бүгінде республика көлемінде туберкулезге қарсы екпеге қатысты мәселе туындап отыр. Ел тұрғындарына маусымдық алдын алу екпесін жүргізу уақытша тоқтатылды. Бұл, жобамен, 2-3 айға созылуы мүмкін. Осы жайтқа байланысты Денсаулық сақтау саласының мамандары өңірлік БАҚ өкілдеріне жан-жақты мәлімет берді.WhatsApp Image 2019-09-03 at 10.55.58
Күрделі мәселенің пайда болуына жапониялық вакцина өндіруші зауыттың өнім экспортын тоқтатуы себеп. Мамандар мұндай келеңсіздіктің туындауына біздің тараптың еш қатысы жоғын айтады. Өйткені күншығыс елі өндіріс кезінде дәріден кінәрат тауып, вакциналарын 35 елден кері қайтарып алған.
"Қазақстан "Japan BCG Laboratory" өндіруші зауытымен 14 жыл бойғы әріптестік қатынасты тоқтатуға мәжбүр. Өндіріс барысында жапондықтардың өздері байқаған ақау салдарынан, өзге тұтынушы елдер секілді, біз де тамыз айынан бері вакцинасыз қалдық. Бірақ бұл халқымызды аса алаңдаушылыққа салар жағдай емес деп есептейміз. Өйткені қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үндістандық "SERUM institute of INDIA" өнідірісімен келісім жасасу, сондай-ақ БДҰ ұсынған вакцинаны сатып алу және жеткізу мүмкіндіктері қарастырылуда. Жорамалмен айтқанда, 2-3 ай көлемінде бәрі ретке келеді деп үміттенеміз", – дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Қостанай облыстық департаменті басшысының орынбасары Юрий Севастьянов.
Әдетте осы маусымда, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, туберкулезге қарсы вакциналау туғанына 4 күн болған нәрестелерге және 6-7 жастағы балаларға жүргізілетін. Нақты Қостанай облысында жыл сайын 11 мыңнан астам жаңа туған нәрестеге және 6-7 жастағы 6 мыңнан артық балаға екпе жасалады екен. Иммундаудан кейін кері әсер ету жағдайы тіркелмеген. Ал енді екпенің кешеуілдеуі дерттің ушығу тәуекеліне әкелуі мүмкін бе?
"Әрине, жоқ. Вакциналау қолымызға мүмкіндік тиген кезден дереу басталады. Алдын алу екпесін жасатуға ешқашан кеш болмайды. Бастысы, ата-аналарды алаңдаушылыққа салынбауға, түсінбестіктен екпеден бас тартпауға шақырамыз. Әрине, таңдау әр адамның өз еркінде, десе де баланың болашағы, тағдыры үшін иммундау шарасын зейінсіз қалдыруға болмайды", – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.
Мәлімделген деректерге сүйенсек, облыс көлемінде екпеден бас тартушы адамдар саны 70-80%-тен 45%-ке дейін кеміген. Бұл алдын алу екпесін жүргізу шараларының тиімділігіне халықтың сенім білдіре бастағанын көрсетсе керек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓