«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдарын» орталығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті. Онда тілдерді оқыту орталықтарынан таңдалған 8 оқытушы қатысып, бақ сынады.
Оқыту тәсілі заманына қарай қоғаммен бірге жаңарып, өзгеріп, толықтырылып отырады. Сәйкесінше, мамандардың біліктілігі де осыған сай болуы тиіс. Әр аудан-қаладан ашылған тілдерді оқыту орталығы аталған міндет пен жауапкершілікті сезінеді. Түрлі мемлекеттік мекемелерде тегін білім беретін ортаның мамандары бүгінгі сайыста бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік туды.  Олар кезең бойынша сынға түсті.IMG_2324
– Бұл шараның өткен жылдардағыдан ерекшелігі бар. Сайыс біздің аудан-қалаларда тілдерді дамыту орталықтарындағы ересек тұрғындарға сабақ беретін оқытушылардың арасында өтіп жатыр. Барлық қатысушылар нағыз білікті мұғалімдер. Байқауға облыс бойынша қатысқан мұғалімдердің сегізі іріктеліп алынды. Ал бұл сын ұстаздардың тәжірибе жинақтап, өзара алмасуына зор жағдай жасайды. Мемлекеттік тілді оқытып жүрген қазақ тілінің үздік оқытушыларын анықтаймыз, оларға әрі қарай қолдау көрсету және кәсіби-педагогикалық әлеуетін шыңдау, ынталандыру жағына көп мән беріледі, – деді «Тілдарын» орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова.IMG_2316
Байқаудың ал-ғашқы кезеңінде оқытушылар электронды портфолиоларын қорғады. Келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық жағ- даяттар бойынша сұрақтарға жауап берді, ал үшінші айналымда В2, С1 деңгейлері бойынша сабақ үлгілерін көрсетті. Шара жеңім-пазы Рудный қалалық тіл-дерді оқыту орталығының оқытушысы Жанат Досыбаева Нұр-Сұлтан қаласында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлт-тық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
– Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұл жердің басты мақсаты ересек тіл үйренушілерге сабақ беретін оқытушы-ларға қолдау көрсету. Менің дайындығым өте жоғары. Өз қабілетімді көрсете білдім, – дейді байқауға қатысушы Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының оқы-тушысы Жанат Досыбаева.IMG_2313
Айта кету керек, өңіріміздің оқытушылары 2014 және 2015 жылдары өткен республикалық байқауда жеңімпаз болған еді. Ал былтыр А.Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай Қостанайда өткен "Үздік оқытушы-2018" республикалық байқауда Тоты Айтмағамбетова бірінші орын иеленді. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Бердіболат Сағындықұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓