Жаңа жоба жұмыссыздыққа сеп

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Федоров және Қарабалық аудандарын аралап,  іргелес өңірлердегі экономикалық-әлеуметтік ахуалмен танысты. Ол Федоров ауданындағы Успенов және Придорожное ауылдарына тартылған  су тарату желісін ашу салтанатына қатысты.  Оған қазынадан 808 млн теңге бөлінген.  Бүгінде екі ауылдағы 351 адам бір орталықтан су ішіп отыр. А.Мұхамбетов ауыл тұрғыны Тілекберген Зия отбасының үйіне бас сұғып,  судың қалай  беріліп жатқандығын тексерді.
Өңір басшысымен кездесу барысында  Успенов және Пешков ауылдарының тұрғындары жол белгілерін орнату, ұялы байланыс, интернет мәселелерін көтерді. Облыс басшысы  ауылды  дамыту – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл бағытта шалғай  ауыл тұрғындарын газбен, сапалы ауыз сумен, ұялы байланыспен, интернетпен қамтамасыз етіп, тозығы жеткен жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізіп жатқанын айтты.  Соның жарқын мысалын Федоров ауданынан байқауға болады. Соңғы жылдары мұнда жолға қатысты сегіз ауқымды жоба қолға алынып, 100 шақырым жол қалпына келтірілген. Оған 3 млрд теңге жұмсалды.
Ауданда шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. Биыл кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  жылқы, қара мал  фермасының құрылысына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, басқа да мақсаттарға 1,2 млрд.теңге бөлінген. Мұнда 30 ЖШС, 265 шаруа қожалығы  ауылшаруашылық тауарларын өндірумен айналысады. Аудан экономикасын негізгі діңгегі осы шаруашылықтар.
А.Мұхамбетов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Пешков жалпы білім беретін мектебіне де аялдады.  Көптен бері жөнделмеген білім ошағына "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы арқылы 598,2 млн теңге  бөлінді.
Өңір басшысы Қарабалық ауданындағы  Тоғызақ ауылының тұрғындарымен де  кездесті. Жергілікті тұрғындар облыс басшысына клуб ғимаратын газдандыруға, ауыл көшелерін жарықтандыруға  қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Жалпы, бүгінде Қарабалық ауданы қарқынды дамып келеді. 2022 жылы ауданішілік жолдар мен ауыл көшелерін жөндеуге, күтіп ұстауға 643,7 млн.теңге қарастырылды. Соның арқасында жалпы ұзындығы 21,8 шақырымдық  Целинное, Елшанка, Котловное және Сарыкөл ауылдарының кіреберіс  жолдары жөнделді. Бұл мақсатқа  665 млн. теңге жұмсалған. Ауданда халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған. Мәселен, Станционное, Новотроицк, Лесное және Босколь ауылдарында су тарату желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған  шамамен 4 млрд. теңге жұмсалмақ. Жоба сәтті аяқталса,  аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 89%-ке ұлғаяды.
Облыс басшысы аудандағы бірқатар құрылыс нысанымен танысты. Ауданда жылына 8 млн. құс өсіретін инкубатор құрылысы  жүріп жатыр. Ауқымды жобаға  2,5 млрд.теңге бөлінген. Кәсіпорын  пайдалануға берілгенде  30-дан астам жаңа жұмыс орнын ашылады. «Тоғызақ астық өнімдері комбинаты» АҚ-да түйіршіктелген, ұсақталған және шырмалған құрама жем өндіретін цех жұмыс істейді. Комбинатта  9 сүрлем жинақтағыш,  15 қойма жұмыс істеп тұр. Мұнда  дәнді және майлы дақылдарды  қабылдап, тазалау, кептіру, сақтау және жөнелту қызметтер көрсетеді. Кәсіпорын облыс басшысына екі жобаны көрсетті.  Яғни, келешекте  комбинат 2,9 млрд теңге инветициялық қаржыға «Терра» ЖШС сою пунктінің құрылысы», Б. Майлин ауданындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесі тәрізді екі ауқымды жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓