Өңірімізде жаңа басқармалар құрылмақ
Таяуда Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы "Қостанай облысын басқару кестесін бекіту және мәслихаттың кейбір шешiмдерiн жою туралы" № 161 шешіміне толықтырулар енгізілді. Соның негізінде жаңа басқармалар құрылып, осыған дейінгі атқарған міндеттерін одан әрі жалғастыра бермек.
Сессия төрағасының міндетін Қадырғали Жаманбалин атқарды. Бұл мәжіліске облыс әкімінің бірінші орынбасары Евгений Аман және мәслихат депутаттары қатысып, шешімді дауыс беру арқылы бір ауыздан толық мақұлдады.
Сонымен төрт бірдей басқармаға тоқтала кетейік. Олар: "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы", "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" және "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемелері.
Бұл жаңа басқармалардың құрылуы да себепсіз емес. Өйт-кені, облыстық прокуратураның уәжі осы басқармалардың қайтадан жарақтануына мұрындық болған екен. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жаңа басқармалар қол қойылған күннен бастап іске кіріспек.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ