Акция жалғасуда

"Каз Интер Уголь" ЖШС кәсіпорнының директоры Евгений Бережной "Nur Otan" партиясының "Баланы мектепке жинайық!" республикалық акциясын қолдады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Сондай-ақ, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. 
1bcb872d-4eed-4c16-b144-4b3957cf74a2
Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының Қостанай қалалық филиалында "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында 3 отбасының 5 оқушысы киім-кешек және мектеп керек-жарақтармен қамтамасыз етілді.
b60a40e1-1b10-4604-b00c-92387fd7b396
Директордың көмекшісі Сергей Кузьминов оқушыларға сыйлықтар табыс етіп, алдағы оқу жылында сәттілік тіледі. Көмек қолын созғандарға  балалар ғана емес, ата-аналар да дән риза.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓