СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ҚОСТАНАЙДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі Владимир Волков Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.
Депутат жұмыс сапарының бірінші күні Қостанай қаласының бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысандарында болды. Бірінші болып "Қостанай – МБИ" құрылыс комбинатына бас сұқты.
DSC_2527
– Біздің зауыт тұрғын үй, өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл шаруашылығы мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарға арналған темір  бетон бұйымдарын шығарады. Комбинат зауытында құрастырмалы темір бетонды және тауарлық бетонды өндіру бойынша қазіргі заманғы неміс жабдықтарымен жабдықталған, өнімділігі сағатына 80 текше метр болатын 5 өндірістік цех бар, – деді үй құрылысы комбинатының директоры Владимир Анненко.
Бұдан соң мәртебелі мейман жеке кәсіпкерлікке инфрақұрылымдық қолдау көрсету мақсатында құрылған машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру сияқты аймақтағы басым өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру және дамытатын қаланың индустриялық аймағына барды. Онда басталған және жоспарланған жобалар туралы айтылды.
– Өндірісті орналастыруға келетін болсақ, бүгінгі таңда 4 жоба бойынша жұмыстар басталды. Осындай жобалардың бірі – Петербург трактор зауыты инвесторы болатын "Кировец" тракторларын шығару. Біз тракторды Қазақстанда ғана емес, ТМД және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қолдау табады деп үміттенеміз. Жобаны іске асыру биылғы жылдың қазан айына жоспарланып отыр, оның құны 5 миллиард теңгені құрайды. Жыл сайын 700 машина шығармақ ниеттеміз. "Кировец" тракторларынан басқа Қостанайда "Беларусь" маркалы ауыл шаруашылығы машиналарын шығару да іске қосылады, – деп атап өтті Құрылыс және индустрияны дамыту аймағының  директоры Арман Бақсымов.
DSC_2592
Одан кейін жоғарғы палатаның депутаты 1000 орындық концерт залы бар "Жастар сарайындағы" жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Тұтастай алғанда, орталық ақпараттық қызмет көрсету секторларынан, жаңа бастамаларды қолдаудан, кәсіпкерлік қызметті қолдау мен бастапқы кеңес беру және қоғамдық қабылдау аймағынан тұрады.
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Марат Жұрқабаевтың айтуынша, аз уақыт ішінде орталыққа өңір жастарының қызығушылық танытып жатқан көрінеді.
Бұдан әрі сенатор О.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері үшін салынып жатқан жатақхананың құрылыс алаңында болды.
Жұмыс сапарының бірінші күнінің соңында Владимир Волков Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әлеуетті спорт түрлері академиясының жұмысымен танысты. Депутат спорт залын аралап, жергілікті спортшылар және жаттықтырушылармен әңгімелесті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓