Аттестациядан өте алмады
Аудан мектептеріндегі мемлекеттік аттестациялау мәресіне жетті. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы сынаққа Ананьев, Сорочин, Қоскөл және Лесной мектептері қатысты. Білім ошақтары арасынан тек Ананьев бастауыш мектебі ғана сыннан сүрінбей өтті.

Аттестациялаудан өте алмай қалған мектептерде бір кездері талантты тұлғалар білім алғанын айта кеткен абзал. Бұл ауданнан заманының заңғар академиктері де, ғарышкерлері мен ұлағатты ұстаздары, білікті басшы, атақты дәрігерлер де шыққан. Заман түзелді, білім беру жетілдірілді дейміз. Ал, заман талабына сай, техникалармен, оқыту құралдарымен қамтамасыз етіліп, "білікті де білімді" мамандар жұмылдырылған білім ошақтарының бүгінгі тірлігі осы…
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.