Арқалық теміржолшыларды даярлайды

IMG_7404Жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды жаңалық. Қазақстан тұтынушылар Одағы Арқалық көпсалалы колледжінің қабырғасынан теміржолшылар даярлайтын жаңа бөлім ашылды.
Мамандығы: 1203000 "Теміржол көлігінде техникаларды ұйымдастыру".
  Біліктілігі: 1203093 "Тасымалдауды ұйымдастырушы техник".
– Теміржолшыларды даярлау біз үшін зор мәртебе. Бұл Елбасымыздың Жолдауында айтылған "Жезқазған-Бейнеу", "Арқалық-Шұбаркөл" теміржол желілерінің тартылуына байланысты туындаған ой еді. Міне, сол ойымыздың шын мәнінде жүзеге асып жатқанына зор қуаныштымыз. Бүгінгі күні осы мақсатқа үлкен әзірлікпен келіп отырмыз. Колледждің материалдық-техникалық базасы сақадай сай. Оқытушыларымыз, оқу құрал-жабдықтарымыз дайын. Зертханалық кабинеттеріміздің бәрі соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Шәкірттерімізді  тәжірибеден өткізу үшін қаламыздағы Арқалық темір жол станциясы және "Қазақстан алюминиі" АҚ Торғай боксит кен басқармаларымен алдын ала келісім-шарттарды жасасып қойдық, – дейді колледж директоры Серік Саржанов.
 Теміржолшылар бөліміне талапкерлер әдеттегідей 9-11 сыныптан кейін қабылданады. Сондай-ақ, сырттай оқуға да мүмкіндік бар. Білім беру үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.  
Арқалық қаласы.
СУРЕТТЕ: колледж директоры С.Саржанов.        
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓