Талап-тілектер ескерусіз қалмады

812d7bc93e12ee9d7a6ccfcb43cd91e4Динара  Өтебаева,
ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының басшысы, "ГрИн" Қостанай облысының Азаматтық Альянсы" ҚҚ төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берілді. Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жасалған игі бастамалардың қашан да маңызы зор. Жолдауда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы көтеру, халықты әлеуметтік қамсыздандыру сынды мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұсыныстары мен бастамалары да айтылды. Ал бастамалар негізсіз жасалмайды. Президент бұған дейін де, еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берген Жолдауында ҮЕҰ-да назардан тыс қалмады. Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет екенін баса айтты. Жолдау жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімдімін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓