Кәсіпкерлікке кең қолдау

img-20180824-wa0019Қайрат Маишев,
«Жас-Қанат 2006» директоры:
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы екінін бәріміз де білеміз әрі асыға күтіп, тыңдадық.
Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылды. Еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмаларды жүктеді. Жолдау жалпы қоғамның дамуы үшін маңызы зор, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға да нақты бағыт-бағдар болады.
Президент тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі деп дұрыс атап өтті. «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді» деп өте орынды айтқан. Біз халықты жұмыс істеп, пайда табуға бастауымыз керек деп ойлаймын. Бизнеске қолдау алдағы жылдарда да бола бермек, бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды. Бұл қуантады. Сонымен қатар халыққа жолданған Жолдауда Президент «Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек» дей келе Елімізде үш жыл қатарынан шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салынады. Талап 2020 жылдың басында күшіне енеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді. Сондай-ақ жаңа ашылған бизнес нысандарды үш жылға дейін салық төлеуден босату туралы заң жобасы әзірленуі тиіс. «Тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс береді. Жұмыссыздықты азайтады. Салық базасын құрап, сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісінде санаға сіңген масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Мұның бәрі де кәсіпкерліктің кең өріс алып, дамуына жол ашады.
Президенттің тағы бір баса назар аударып айтқаны ұлттық бағыттағы бинзнесті халықаралық аренада қолдау. Сонымен қатар экспортқа жұмыс істейтін компанияларға мемлекет тарапынан қолдау болады. Бұл орта бизнес өкілдеріне керек дүние. Кәсіпкерлікті енді бастап келе жатқанда мемлекет тарапынан мұндай қолдаулар болып жатқаны дұрыс деп ойламын. Егер үш жылдың ішінде осы мүмкіндікті қолдана алатын болса одан әрі де істі жалғастырып әкетуге күш қайраты болып, бұл саланы меңгеріп те кете алады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓