БІРЛІК – БЕРЕКЕ КЕПІЛІ
Халық құқық қорғау органдары, оның ішінде ең алдымен, полиция жұмысы түбегейлі жақсартуын күтіп отыр. Расын айту керек, полицейлердің көрсеткіштері үнемі жақсы бола бермейді. Себебі, буын алмасты, заман өзгерді. Елдің ішінде ғана емес, сыртқы саясатта да өзгерістер бар. Сондықтан кез келген мемлекеттік орган уақыт талаптарына сай қадам жасауы тиіс. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында құқық қорғау саласының жұмысына үлкен мән беріп, бағыт-бағдар сілтеп отырады.
Жолдауда жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізуге байланысты уәкілетті құқықтық органдары алдына үлкен міндеттер қойылды. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс деп, осы сала қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрине, қызметкерлерден сапалы жұмыс талап ету үшін олардың алаңсыз жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасаған жөн. Сонда ынтымақ-бірлік болады. Өздеріңіз білесіздер, бірлік – береке кепілі. Елбасымыздың құқық саласына қойып отырған басты талабы да осы. Бұл жарияланған Жолдау біздің еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік, құқық саласында дамуына серпін беретін маңызы зор құжат деп есептеймін.
Михаил Дәуенов,
Қостанай облыстық демократиялық
күштер коалициясының төрағасы, ҰҚК ардагері