Министр мерекемен құттықтады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. абаев«Байланыс пен ақпарат бүгінде қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларын қамтиды. Әрине, олардың рөлі қай кезде болса да жоғары, алайда 21 ғасыр олар үшін көрнекі бола түсті. Бұқаралық-медиа және телекоммуникация деңгейі заманауи мемлекеттердің даму индикаторы қызметін атқарады. Бүгінде бізде осы стратегиялық саланы дамытуда, оны жалпыға бірдей пайдалы етуде еңбек етіп жүрген журналистер қауымын  кәсіби мерекесімен құттықтауға тамаша  мүмкіндік бар. Құрметті әріптестер, мерекелеріңізбен! Сіздерге және отбасыларыңызға табыс, бақыт тілеймін! Әр бастамаларыңыз  сәттілікпен шынайы өмір айнасына  айнала берсін!», – деп жазды Фейсбукте Дәурен Абаев.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓