Президент: “Елдегі мәселе көшеде емес, Парламентте шешілуі тиіс”

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.жолдау "Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады, – деді Президент жолдауында.- Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет».
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі керегін ескертті. Депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керегін айтты.
«Біріншіден, партиялы құрылым процесін жалғастыру керек. «Нұр Отан» партиясы біздің көшбасшымыз және оның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында күрделі әрі жауапты миссияны орындап келеді. Біз қоғам үшін пайдалы істерді тындырып жүрген басқа да саяси партиялар және қозғалыстармен серіктесуіміз керек. Біздің қоғамды мазалаған негізгі мәселелер көшелерде емес, азаматтық диалог аясында Парламентте шешілуі тиіс. Депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керек», – деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

You may also like...

1 Response

  1. Сабирбек айтты:

    Нұр Отан басшысы Қостанай облысының Жетіқара қаласына орынбасарларын жіберсін көрсін халықтың жағыдайын

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓