Онлайн-оқыту мүмкіндігіне ие

 Қостанайлықтар «Бизнес-кеңесші» курстарын онлайн-оқу түрінде меңгеруді қолға алды. Енді курсты үйден шықпай-ақ оқуға болады.  Мұндай функция  кәсіпкерлерге арналған  «Atameken Services» порталында орналастырылған. Онлайн-оқудың алғашқы сертификаты Әулиекөл ауданында табысталды.     IMG_9445       -Бұдан кейін тиісті білім алу үшін екі күн бойы партада отырудың қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ, кәсіпкерліктің қыр-сырына қанығуға болады. Содан соң сертификат алу үшін тесттен өтсе болғаны.  «Atameken Services» порталындағы онлайн-жүйемен кез келген оқыту жобасына тіркелуге болады,-дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.
         Ал кім де кім арнайы курсқа келіп оқимын десе, онда кәсіпкерлер палатасына немесе оның филиалдарына жазылуға болады.  Екі күн ішінде мұнда бизнес жүргізуге, заңгерлік, бухгалтерлік машыққа үйренугек, маркетинг негіздерін оқып, үйренуге болады.  Оқуды мемлекеттік органдардан, банктерден шақырылған бизнес-тренерлер жүргізеді.                      
        -«Бизнес-кеңесші» курсы туралы мен бұдан бірнеше жыл бұрын естідім. Қатысқым келген, алайда, ол кезде өзім де біреудің қол астында жұмыс істейтін едім. Жалпы, мен әр жұмыстың басын шалып көрдім. Мемлекеттік қызметте де, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікте де, қаржы ұйымдарында да қызмет істедім. Енді өз кәсібімді ашуға бел байлап отырмын. Менде нақты идея бар. Бұйыртса, грант алғым келеді,-дейді Нүрия Есмағамбетова.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓