“Алтынсарин” саябағы Щербаковтың шырайын аша түспек

Қазір өңірдің біраз елді-мекендері өз ауылдарымен мақтануы үшін демалыс орындарын көптеп ашуда. Алтынсарин ауданындағы Щербаков ауылының да келбеті жыл сайын көркейіп келеді. Ең бастысы, ауылға газ бен су тартылуда. Ал, ауыл ішінде бой көтеріп жатқан ауқымды саябақтың да болашақта ауыл тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

DSCN6190 Ы.Алтынсарин атындағы бұл демалыс саябағының құрылысы үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба құны 50 млн. 759 мың теңге, соның 28 млн.623 мың теңгесі биылғы жылға бөлініпті. Бүгінде бөлінген қаржы толықтай игерілген. Жалпы, құрылыс жұмыстары келер жылдың тамыз айында аяқталып, тапсырылатын болады. Бүгінгі таңда саябақтың айналасы толық қоршалып, кіре беріс алаңы жасалып, жазғы сахна орнатылып, жерге брусчаткалар төселген. Сондай-ақ, су сорғы стансасы да орнатылыпты. Себебі, мұнда қазір су бұрқақтардың да құрылысы қыза түскен екен. Ал, саябақ ішіндегі “Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық” деп шәкірттерін білімге шақырған Ыбырай атамыздың мүсіні тіптен ерекше көз тартады.

DSCN6186

-Саябақтың құрылысымен мердігер “Торгстроймонтаж” ЖШС айналысып жатыр. Ал, Ыбырай атамыздың ескерткішін “Балқыту” ЖШС салған болатын. Декоравтивті мүсіндердің авторы астаналық мүсінші Асқар Нартов. Мүсіндері пластиктен, ал тұғыры тастан жасалған бұл ескерткішке аудан бюджетінен 15 млн. 493 мың теңге бөлінген болатын. Жалпы, саябақтың құрылысына деп биылға бөлінген қаражаттың барлығы да игерілді. Бұл құрылыстың қалған жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады. Мәселен, субұрқақтарды қосу, демалатын орындықтарды қою, саябақ ішін жарықтандыру мен көгалдандыру сияқты жұмыстар келер жылдың еншісіне қалдырылып отыр, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Светлана Мүсәпірова.

DSCN6189

 
Қарлығаш ОСПАНОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓