Қ.Тоқаев: “Жерді сатуға жол берілмейді”
«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді", – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында.
«Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталағым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Жерді тиімді игеру мәселесі барған сайын өзектіленіп барады. Жағдай жерге салынатын тікелей салықтың төмендігімен ушығып отыр. Мемлекеттен ақысыз жер жалдау құқығын алғандар иелігіндегі жермен жұмыс істемей отыр. Елімізде латифундистер қатары пайда болды», – деді ҚР Президенті.