«Ел үлесі – пәтерге» екі үй екі қуаныш
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында елімізде баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп жатқаны белгілі. ҚР Ата заңы мереке қарсаңында Науырзым ауданында атаулы қуанышты оқиға жалғасын тапты.

ҚМДБ төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан қажы Есмаханның қатысуымен Науырзым ауданы орталығы Қарамендіде мұқтаж отбасыларға екі үй табыс етілді. Бұлар – акция аясындағы 121 және 122-ші баспаналар.


Қуаныш иелеріне аудандық Түркебай мешіті имамы Нұрлан қажы Сейтжанұлы екі клем, ал аудан әкімі Талғат Тойшібекұлы 100 мыңның сертификатын ұсынды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі