Алғашқы сабақ – жол қауіпсіздігі
1 қыркүйекте облыстың барлық мектептерінде әуелі қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Өңір тәртіп сақшылары көңілді ойын және сынып сағаттары түрінде балалар мен ересектерге жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Іс-шара «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында ел аумағында 1 қыркүйектен бастап, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы кезеңде барлық оқушылар үшін әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.
– Бүгін Қостанай қаласының төменгі сынып оқушылары үшін біз "Жаяу жүргінші" акциясын өткіздік. Полиция қызметкерлерімен бірге балалар көшені дұрыс өтуді үйренді. Бұл оқушыларға қауіпсіздік дағдысын қалыптастырып, ал жүргізушілерге ережені еске салады. Жыл басынан бері облыс жолдарында балалардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 2 бала көз жұмып, 46-сы жарақат алды, – дейді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айгүл Бекмағамбетова.
– Менің балам бүгін бірінші сыныпқа барды, Мен үшін мектеппен танысу қауіпсіздік сияқты маңызды ұғымнан басталғаны қуантады. Біз отбасымызда, әрине, көшеде өзін дұрыс ұстау, жолды қалай дұрыс өту керектігін айтамыз, бірақ ол туралы полиция қызметкері айтқан кезде жақсы есте қалады, – дейді Айнұр Өмірзақова.
Оның ұлы Темірлан "Әуежай" шағын ауданындағы 29 жаңа мектепке барды
"Назар аударыңыз, балалар" акциясына жол қозғалысының жас инспекторлары де белсенді қатысады. Ата-аналарға жолда жүру қауіпсіздігі бойынша кеңестер берілген жаднамалар таратылды. 1 қыркүйекте "Назар аударыңыз, балалар" акциясы аясында өткізілген барлық іс-шаралар Қостанай облысы полиция департаментінің ведомстволық ресурстарына тікелей эфирде көрсетілді.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі