Жаңа мектеп ашылды

Білім күнінде Қостанай қаласының "Аэропорт" шағын ауданындағы №29 орта мектебі ресми түрде пайдалануға берілді.  Жаңа  білім ұясының ашылу салтанатына жиналған ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың да құшақтары гүлге толы, көңілдері көтеріңкі. Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев  қатысып, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың құттықтауын  жеткізді.
068825e2-9b5b-4a78-b318-be7b3d9b0ccf
– Бүгінгі  мектептің салтанатты ашылуымен және де білім күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын.Аталмыш мерекеде қаламызда қазіргі заман талабына сай тағы бір мектеп бой көтерді. Осындай  мектепте ұстаздарымыз оқушыларымызға  сапалы білім, саналы тәртіп  беретіндіктеріне кәміл сенемін. Өйткені, өңірімізде білім алатын оқушыларымыздың  түрлі олимпиадаларда, ғылыми және түрлі білім   жарыстарында жеткен жетістіктері орасан. Жаңа мектеп ғимараты – "Сыл" ЖШС-нің бірегей жобасы. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лифтілермен жабдықталған. Сондай-ақ, мектепте пандустар бар. Бүгінгі мерекемен Архимед Бегежанұлының ыстық ықыласы мен құттықтауын жеткізгім келеді, – деді Марат Қонысбайұлы.
141dadb4-f378-40e9-b4a1-667732aa6273
Мектептің салтанатты ашылуы ел Әнұранымен басталып, алғашқы қоңырау соғылды. Ата-аналар балаларға сәттілік тілеп, оқу жылын табысты аяқтауға тілек білдірді. Салтанатты шарадан соң Марат Қонысбайұлы мектептің ішін  аралап, кабинеттерді көрді. Дәліздерде оқушылар сырт киімдерін, оқулықтарын және басқа да жеке заттарын қалдыра алатын жеке шкафтар орнатылған. Сондай-ақ, мектепте толықтай жабдықталған 75 орындық шағын орталық бар.
 
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓