Облыс әкімінің құттықтауы
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын.
Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қалыптастырудың негізін қалайтын аспектілерді қамтиды, сондай-ақ мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануымен тұңғыш рет жоғары құндылығы Адам болып табылатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зиялы мемлекет құруға бағыт ұсталды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуында зор жетістіктерге қол жеткізді, сондай-ақ әлемдік аренада өзінің бітімгерлік қызметімен танылды.
Мысалы, өткен жылы біздің еліміз дау-жанжалдардың алдын алудың жаһандық стратегиясын әзірлей отырып, тарихта бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық жасады.
Қостанай облысында, бүкіл еліміздегі секілді индустриялық-инновациялық жобалар іске асырылуда, ауыл шаруашылығы дамуда, жаңа өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.
Біздің Отанымыздың барлық жетістіктері – қазақстандықтардың, соның ішінде қостанайлықтардың зор еңбектерінің нәтижесі.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, атқарылған жұмыстар үшін, көрсеткен қолдауларыңыз үшін және Қазақстан Республикасының ортақ табысына деген сенімдеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, табыс пен құт-береке тілеймін!
Конституция күні құтты болсын!
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов