Жалпыхалықтық диктант өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 14 қарашада сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді. IMG_1975
IMG_1979
IMG_1983Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және басқа да қазақ радиоарналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады. Тобыл өңірінде айтылмыш шараның қалай өткені жайындағы ақпараттарды «Қостанай таңының» ресми сайтынан оқып білетін боласыздар.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓