Облыс тұрғындары назарына

2019 жылдың 28 тамызында сағат 12.00-де "Инстаграм", "Фейсбук" ведомстволық әлеуметтік желілерінде азаматтарды онлайн қабылдау өтеді.онлайн прием
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Қабыкенұлы Ынтықбаев Ішкі істер органдарына қызметке тұруға қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап береді.
Іс-шара 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Мақсат – жұртшылықпен өзара тиімді қарым-қатынас орнату, халықпен жұмыс жүргізудің жаңа форматы, құқық қорғау органдарының кадрларын іріктеу және даярлау, сондай-ақ "Жастар жылы" аясында жастарды еңбекпен қамтамасыз ету.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші онлайн қабылдау осы жылдың 1 тамызында өткізілді. Нәтижесінде кадр саясаты басқармасына 198 адам жүгінді.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қатарында жұмыс істеуге ниет білдірушілерді белсенді қатысуға шақырамыз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓