Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

Қостанайдағы академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ Студенттер сарайында Ел Тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. 1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақ мемлекетінің тарихының ең ұлық ақтаңдақ күні! Осы сәттен бастап, біз кемелкелешекке деген өз жолымызды таңдадық, Мәңгілік Ел болу мұратындағы бағдарымызды айқындадық. Тәуелсіздік мерекесі – жүрегі Отан деп соққан әрбір азаматтың қасиетті мейрамы, еліміздің ең басты тойы.
– Осыдан 27 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін жариялап, әлемдік картада жаңа мемлекет пайда болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында он алты мың шақырымдық шекарамызды бекіттік, Ата Заңымызды қабылдадық, ұлттық қорымызды жинақтадық. Ұлт пен ұлыстың басын тоғыстырған Қазақстан халқы Ассамблеясы атты тарихи қоғамдық институттың негізін қаладық. Еуразия кіндігінде Алаштың айбарлы Астанасын салдық. Бүгінде Елордамыз сәні мен сәулеті жарасқан  алып шаһар ғана емес, әлемдік діндердің басын біріктіріп, ынтымақ, татулық, бейбітшілікке үндейтін ірі орталыққа айналды. ЕҚЫҰ Саммиті, Астана Экономикалық форумы, Еуразия Медиа форумы, Қысқы Азия ойындары, халықаралық ЭКСПО көрмесі қатарлы маңызды шараларды өткізіп, әлем жұртшылығын мойындаттық. Қазақ Елінің осындай қарышты қадамдары – жарқын болашықтың кепілі екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысы Қазақстанның даму жолын айқындаған маңызды бағдарламаларға бастамашы болып келеді. Биылғы қазан айындағы Елбасының халыққа Жолдауында да нақты тапсырмалар бекітілген, – деді өңір басшысы.
Еліміздің ірі аграрлық аймағы – Қостанай облысының да мемлекет тәуелсіздігінің даму жолында қосып отырған үлесі ұшан-теңіз. Ел Президентінің бағдарламалық тапсырмаларын орындау барысында толағай жұмыстар орындалуда.
Өңіріміздің дамуына, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облысымыздың бірқатар азаматтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 5 желтоқсандағы № 798 Жарлығы бойынша жоғары наградалармен марапатталды. Төменде атаулы марапат иелерінің тізімін жариялап отырмыз:
«Парасат» орденімен
 
Шаяхметов Дулат
     Жаукенұлы
  •  
«Асалия» ЖШС директоры, Қостанай қаласы;
 
 
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
 
Несис Виталий
Натанович
 
 «Полиметалл» АҚ бас директоры,
Таран ауданы
 
«Құрмет» орденімен
 
Бермағамбетов Қадыр
Балмағамбетұлы
  •  
«Алтынсарин» ЖШС бас агрономы, Қамысты ауданы
 
Жаманбалин Қадырғали
Қонысбайұлы
 
  •  
«Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» ЖММ ректоры
 
Жүсіпбеков Жұмабек
Айтжанұлы
 
  •  
«Астық» элеватор жабдықтау зауыты» ЖШС бас директоры, Қостанай қаласы
Карплюк Сергей Алексеевич  –    Қостанай облысы әкімінің орынбасары
 
Мұқанов Расул
Абайұлы
  •  
«Алюминстрой» ЖШС бас директорының орынбасары, Арқалық қаласы
 
Оспанов Қайрат
Бақытжанұлы
 
  •  
«Тұрар» ЖШС құрылтай директоры, Федоров ауданы
 
Таукенов Жансұлтан
Қоңыртайұлы
 
 
 
  •  
«Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы
 
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
 
Гордиенко Сергей 
Владимирович
 
 «ПКФ «Қайрат» ЖШС механизаторы, Қамысты ауданы
Тобақабылов
Мұхаммедқали
Серікбайұлы
  •  
««Диев» Агрофирмасы» ЖШС бригадирі, Әулиекөл ауданы;
 
 «Ерен еңбегі үшін» медалімен
 
Авраменко Николай 
Григорьевич
 
«Авраменко Н.Г.» ШҚ басшысы, Ұзынкөл ауданы
 
Алдажұманов Ереке
Иманғалиұлы
  •  
«Самұрық» ШҚ басшысының орынбасары, Науырзым ауданы
 
Ахмадиева Нұржамал
Мұхтарқызы
  •  
«Мектеп жанындағы интернаты бар Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» ММ мұғалімі,
Алтынсарин ауданы
 
Бектабанов Ерғоныс
Кеңесұлы
 
 «Сана-Агро» ЖШС директоры,
Қарабалық ауданы
 
Ертаев Пернебек
Қуанышбекұлы
 
 «Талды-К» ЖШС директоры,
Қарасу ауданы
 
Жойқымбекова Майя
Ибрагимқызы
  •  
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы
 
Жүсіпов Болат
Әбдісалықұлы
  •  
«Костанайюж-электросервис» КММ автокранының жүргізушісі,
Жангелдин ауданы
 
Жүсіпова Алма
Әутенқызы
«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысы
 
Ілиясов Жұманияз
Рахымбекұлы
 
  •  
Амантоғай ауылдық округінің әкімі,
Амангелді ауданы
 
Исмағұлов Нығмет
Әуезханұлы
  •  
Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы
 
Клочко Вера Витальевна 
Мичурин селолық округінің әкімі,
Қостанай ауданы
 
Когай Александр 
Владимирович
 
 «Промстройпроект» ЖШС директоры,
Қостанай қаласы
 
Кочкурова Оксана
Евгеньевна
Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы
 
Кривова Елена 
Владимировна
 
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның бас балетмейстері
 
Максимов Александр
Сергеевич
 
«Раскуль» ЖШС директоры,
Меңдіқара ауданы
 
Мұртазин Ризван
Мағзұмұлы
 
  •  
еңбек ардагері, Жітіқара ауданы
 
Сағындықов Сембай
Әмірғалиұлы
  •  
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары
 
Скаредина Елена
Вадимовна
 
Рудный қаласы әкімінің орынбасары
 
 
ТұмановЕркін
Есқалиұлы
  •  
«Куат Т1» ЖШС директоры,
Сарыкөл ауданы
 
 
«Шапағат» медалімен
 
Архипкин Сергей
Петрович
«Қостанай облыстық балалар үйі» КММ директоры
 
 
Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен
 
Аракелян Хачик   
Гарникович
«Стройтэкс» ЖШС директоры,
Таран ауданы
 
Баекенов Әбдікәрім
Мағзұмұлы
 
  •  
«Гарант» өзара сақтандыру қоғамы» ӨК төрағасы,
Қостанай ауданы
 
Бекмағамбетова Айсұлу
Маратқызы
 
  •  
«№ 1Урицкий мектеп-лицейі» КММ мұғалімі,
Сарыкөл ауданы
 
Дулида Ирина
Афанасьевна
 
«№3 орта мектебі» КММ директорының орынбасары,
Жітіқара ауданы
 
Матковский Сергей   
Николаевич
«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының машинисі,
Лисаков қаласы
 
Нысанбаева Сәлима
Ғабділхамитқызы
  •  
«Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ секторының меңгерушісі
 
Сәбиғанов Арман
Ақашұлы
  •  
«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ вице-президенті,Қостанай облысының Рудный қаласы
 
Сергеева Лариса    
Васильевна
 «Октябрь орта мектебі» КММ директоры, Қарасу ауданы
 
Феськова Инна
Викторовна
Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бөлім басшысы
 
 
Өзге де наградалар
 
 
«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық медалімен
 
Әбіл Еркін
Аманжолұлы
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор
 
Бекмагамбетов Алимжан
Бауыржанович
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ЧелМУ ҚОФ директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты
 
Стародуб Валерий
Васильевич
 
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, ҚР ғылым, мәдениет және білім саласының еңбек сіңірген қызметкері
 
Хайдукаева Таус
Султановна
«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары
 
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасымен
 
Сандыбаева  Қаламқас
Нұрахметқызы
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ директоры
 
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен
 
Суслова Александра
Ильинична
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі
 
Донскова Марина
Григорьевна
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары, Қостанай қалалық Аналар кеңесінің төрайымы
 
 
Мерейлі 75 жасқа толуына орай құттықтау иегері
 
Дәуенов Михаил Түсіпұлы
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының кеңесшісі, запастағы генерал-майор, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері
 
 
Салтанатты жиын өңір өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
BAG_1937
BAG_2432 BAG_2402 BAG_2378 BAG_2008 BAG_1987 BAG_1963 BAG_1941

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓