Жаңа пернетақтада жазды
Арқалықта жаңа әліппеге негізделген пернетақта сынамадан өтті. Сынамаға қатысқан түрлі сала қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет, т.б) ұсынылған мәтінді жаңа пернетақтада теріп, сауалнамаға жауап берді.
– Ағымдағы жылдың 19-30 тамыз аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізуді жоспарлаған. Апробацияны өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтарының базасында өткізу үшін әр ауданға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне орнату үшін латын графикасында дайындалған клавиатуралардың драйверлері жолданды. Осыған сай облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен бүгінгі сынаманы өткізіп жатырмыз. Сынама жақсы өтті. Қатысушылар жаңа пернетақтаның жазуға қолайлы екендігін айтуда, – дейді Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Жазира Мейзамханқызы.
Пернетақтадағы ағылшын әріптерінің қасына қазақтың төл дыбыстарын таңбалайтын ә, ғ, ү, и, ө, ң, у әріптер қойылған.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.