Көлік қағып, қаза болды
Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында әйелді көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кеше кешкісін болған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өміріне араша бола алмады.
«26 тамызда Маяковский көшесінің бойында сағат 17:00 шамасында 61 жастағы жүргізуші «Honda» көлігін тізгіндеп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп бара жатқан 50 жастағы Қостанай тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел ауруханаға жеткізілді, алайда ол кейін көз жұмды», – деп түсіндірді Полиция департаментінде. Аталған факті бойынша қазір тергеу жүріп жатыр.