Құлдық құрбаны
Қостанай облысында ер адамды шынжырға байлап, өлтіріп кеткен, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс". Ер адамды өлтіру бойынша істі Қостанай облыстық соты тергеп жатыр. Оны 2016 жылы құлдықта ұстаған, алайда ол туралы 2019 жылы ғана белгілі болған. Қазір қылмыстық сот сауда-саттық құрбаны болып, қаза тапқан ер адамның ісін қарау үстінде.
"Жәбірленуші Меңдіқара ауданында құлдықта болған. Оны шынжырда ұстап, байлап отырған. Лас қолдарымен қазаннан ас ішкені үшін оны өлтіріп тастаған. Марқұм әбден қарны ашқандықтан "қылмысқа" барған көрінеді", – дейді "Дамыту" қоғамдық қорының төрайымы Нина Кисюк.
Төрайым сауда-саттық құрбандары көп екенін айтады. 2017 жылы Қостанай облысында 40-қа жуық жәбірленуші болса, оның 20-сы Өзбекстан азаматтары болған. 2018 жылы 13 адам, ал биыл 4 адам сауда-саттық құрбаны болған.