Кәсіби журналистің депутаттық көзқарасы

Өңірімізге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі журналист Артур Платонов жұмыс сапармен келді. Халық қалаулысы Қостанайда Елбасы, Президент алға қойған ілкімді жұмыстардың қолға алынуы, орындалуын, әлеуметтік саладағы атқарылған істер, жұртшылықтың үкімет тарапынан көмекті қаншалықты сезініп отырғанын арнайы көзімен көріп қайтпақ. Осы сапарының алдында ол тілшілермен кездесуді әрі әріптестерімен жаңалық бөлісуді жөн көріпті. Аймақтық баспасөз қызметінде өткен емен-жарқын әңгімеде бірқатар түйіні тарқамаған тақырып көтеріп отырғанын жеткізді.
ABT_3009
– Біріншіден, біздің еліміздегі білім жүйесі қаншалықты тиімді әрі бәсекеге қабілетті жұмыс істеп жатыр? Бұл шекаралас аймақтар үшін өте күрделі мәселе. Жастардың біраз бөлігі көршілес Ресей мемлекетіне оқуға кетеді. Онда ҰБТ тапсырмайды әрі білім сапалы дейді. Олардың қанша пайызы елімізге оралып жатыр? Қазір мемлекет тарапынан оқу, білім-ғылымға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Гранттар саны артты, жатақханалар салынып жатыр. Бірақ білім алушылардың былайша сырт мемлекеттерге кетпеуі үшін қандай шаралар қабылдаған дұрыс? Екіншіден, ғайбат айту, жала жабу кең өріс алып кетті. Бізде бұл жағынан заңды күшейту керек. Қазір әлеуметтік желі, ғаламтор арқылы біреуге тіл зәбірін тигізетіндер көбейіп барады. Олардың барлығына тұсау бола алмайсың. Дегенмен саналы қоғамда, азаматтық қоғамда әр азамат саналы түрде заңға бағынып, өзі қатарлы басқа азаматтарды сыйлау қажет, – деген ойда мәжілісмен.
А.Платонов Федоров, Қостанай аудандарын, Қостанайдағы «Юбилейный» шағын ауданын аралап, өңір жұртшылығының көгілдір отынмен қамтылуын көзбен көріп қайтпақшы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓