Бюджеттің бүйірін тескендер жазадан құтылмайды

Былтырғы жылы өңіріміздегі құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша 111 қылмыстың бетін ашқан. Соның 100 қылмысын қаржы полициясы қызметкерлері әшкерелепті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Д.Үсенов аймақтық әкімдікте өткен ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде осы және басқа да дәйектер туралы баяндап берді. Айтуынша, парақорлықтан келген шығын 157 млн. теңгені құрапты.взятка
– Ең көп жазаға тартылғандар әкімдік пен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – 38, ұлттық компаниялардың басшылары – 6, құқық қорғау органдарының жетекшілері – 4 тұлға. Мемлекеттік қызмет органдарында сыбайластық қылмыс білім – 16, ауыл шаруашылығы – 6 және денсаулық сақтау салаларында етек жайған. Барлығы 39 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған, олардың сегізі облыстық, оны қалалық және тағы оны аудандық деңгейдегі басшылар. Өткен жылы Тәртіптік кеңес мемлекеттік мекемелерге 30 ұсыныс жолдады. 21 тұлға жемқорлықпен күрес заңнамасын бұзған болса, олардың сегізі қызметінен қуылды, – деді ол.
  Құзырлы орган жетекшісі парақорлықтан қолы былғанған деп мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары салаларын атап көрсетті. Ал жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға ауыз салғандар да аз емес екен – 11 қылмыс. Тек Ақбұлақ, ТКШ жаңғырту және моноқалаларды дамыту бағдарламаларына келген шығын 121 млн. теңге.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр екі тамыз айында екі құрылымның біріктірілуінен бері жаңа қызметін бастады. Д.Үсенов сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын алу мақсатында жұртшылық арасында насихат шараларын кеңінен жүргізу басты бағытымыз дейді.офис
Айта кету керек, еліміздің кез келген азаматы арам жолмен құлқынын зорайтқан шенеуніктердің әрекеті туралы Агенттіктің 1494 сенім телефонына тегін қоңырау шалып, өзінің құқығы жөнінде барлық сауалдарға жауап ала алады.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓