Жұлдыздар жанған сәт

Биыл Еуразиялық Топ компаниясы өзінің 25 жылдығын тойламақ. Осыған орай кеншілер, шахтерлар, металлургтар мен энергетиктердің арасында таланттардың анықтайтын дәстүрлі «Шеберлер елі» байқауының форматы өзгерді: топ кәсіпорындары орналасқан Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында желтоқсан айында сахналанатын мерейтойлық мюзиклге қатысушыларды іріктеу ұйымдастырылды.DSC_0309
– Ауқымды мюзикл ERG-дің танымал кейіпкері Ержігіт жайлы болмақ. Топтық нөмірлер, оркестр, ән мен бидің кәсіби деңгейде орындалуы үшін арнайы мамандарды шақырдық. Біз үшін басты құндылық – адам, оның өмірі, еңбегі мен өнері. Сол себепті 8 жыл қатарынан «Шеберлер елінде» таланттардың жұлдызын жағып, қызметкерлеріміздің жан-жақты ынталандырып келеміз, – дейді Еуразиялық Топтың корпоративтік коммуникациялар департаментінің өкілі Анара Саурбекова.DSC_0197
«ССКӨБ» АҚ атынан биыл дарындылар додасына 13 үміткер өз бағын сынап көрді. Олардың жасы, еңбек өтілі мен мамандықтары әр түрлі болғанымен көздегені бір – мюзиклде басты кейіпкердің рөлін сомдау.
– Рудныйға Өзбекстанның Үшқұдық қаласынан үш жыл бұрын көшіп келдім. Бес жасымнан әкеме еліктеп ән айтып, домбыраны жаным серік етті. Республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты да атандым. Алайда ержеткенде әкем «алдымен қолға диплом алып, тұрақты жұмыс тап» деп кеңес берді. Осылайша «филолог» мамандығы бойынша жоғары білім алып, журналистика саласында еңбек етіп келемін. Мюзиклге сахнаны сағынғандықтан келдім, – дейді ТВС телекомпаниясының тілшісі Жарасқан Нұрыбай.DSC_0223
Әрбір қатысушы сахнада өз өнерін көрсетіп болған соң қазылар алқасының тапсырмаларын орындады. Яғни сахнада би билеу, өлең оқу, нотамен жұмыс – осының барлығы мюзиклге қажетті қабілеттер.DSC_0269
– Мені қазақстандықтардың ашық жарқын мінезі мен әнге деген әуестіктері тәнті етті. Ресейдегі өндіріс қызметкерлері тұйықтау, өнерге «суықтау» қарайды. Әр адамның өзіндік ерекшелігі, қайталанбас қыры бар. Біз осыны сахнада барынша ашып, көрсеткіміз келеді, – дейді мәскеулік театр режиссері Александр Плотников.DSC_0295
Кімнің бағы жанып, мерейтойлық мюзиклдің кейіпкері атанатыны қыркүйекте белгілі болады. Ендеше рудныйлық өнерпаздарға сәттілік тілейміз!
 
Қуаныш ДОСПАН

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓