Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына қол қойды.
Кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешектерді өтеуге мыналар жатады:
– асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;
– мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;
– атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар;
– жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.
Жоғарыда аталған санаттарға жататын азаматтардан әр қарыз алушыға тікелей және атаулы қаржылық көмек ретінде мемлекет екінші деңгейдегі банктердегі жəне микроқаржы ұйымдарында негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 000 (үш жүз мың) теңгеге дейін, оларды біржолғы тəртіпте өтейді.
Осыған байланысты, қарыз алушыларға хабарлаймыз:
тек кепілсіз тұтынушылық кредиттер жабылады;
қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспауы тиіс;
акция біржолғы, мұндай тәжірибе болмайды;
өсім мен айыппұлдарды есептеуді болдырмау үшін өз кредитті өтеуді жалғастыру қажет;
осы жұмыстың нәтижелері туралы әр қарыз алушыға банк және/немесе микроқаржы ұйымы хабарлайды.
Осылайша, қарыз алушыларға банкке, МҚҰ немесе басқа да ұйымға жүгінуге талап етілмейді. Банктер және микроқаржы ұйымдары берешекті өтеу және есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару бойынша барлық жұмысты өз бетінше жалғастырады.