ӨНЕРКӘСІП ӨРЛЕП ТҰР

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында жеңіл өнеркәсіпті нәсіп еткен өңір кәсіпкерлері 1716,5 млн. теңгенің өнімін өндіріпті.  Облыс кәсіпорындарының табыс өсімі осылайша, былтырғы көрсеткіштен 114,3% арта түскен. Оның ішінде: тоқыма бұйымдарын шығару – 1225,6 млн. теңгеге (141,1%), киім өндіру – 490,9 млн. теңгеге (112,1%) ұлғайған.

Жеңіл өнеркәсіп инфографика-1

2018 жылғы қаңтар-шілдеде жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі 103% құрады, оның ішінде: тоқыма бұйымдары өндірісі – 106,5%, киім өндірісі – 95,8%. 2019 жылдың дәл осы мезгілінде өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп  0,5 пайызға өскен. Жалпы республика бойынша бұл көрсеткіштің 120,5 % жеткенін айта кеткен жөн.

Киімнен басқа, мақта-мата маталарының өндірісі – 10,2%-ға, ерлерге немесе ұл балаларға арналған өзге де сырт киім – 40,8%-ға, әйелдер немесе қыз балаларға арналған өзге де сырт киімдері – 7,9%, свитерлердің, жемперлердің, пуловерлердің, кардигандардың, жейде және машинамен немесе қолмен тоқылған ұқсас трикотаж бұйымдарының өндірісі – 2,5% жетті деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы. Республикалық көрсеткіш – 108,4%.

Жеңіл өнеркәсіп инфографика-2

Мұның есесіне, үй шаруашылығына арналған дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі – 46,9%-ға, бас киімдердің өндірісі – 65,1%-ға, жүн және фетр аяқ киімдері – 66,7% азайған көрінеді.

Мекеме ұсынған 2019 жылғы қаңтар-маусым айларындағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша талдау ақпаратына жүгінер болсақ, облыстың жеңіл өнеркәсібі тоқыма бұйымдарын, киімдерді, киіз және фетр аяқ киімдерін өндіретін кәсіпорындармен ұсынылған. Сала кәсіпорындарына «Большевичка» ӨнК, «Костанайская фабрика валяной обуви» ЖШС, сондай-ақ шағын бизнес өкілдері жатады. Биыл еліміз бойынша жеңіл өнеркәсіп саласына 5 млрд теңге көлемінде қаржы құйылып, 4 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бағдарламалар жүзеге асырылған жағдайда қосымша 849 жаңа жұмыс орыны ашылуы тиіс. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓