БОЛАШАҚ ТАҒДЫРЫ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА
2019 жылы 16 тамызда Елордада білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті. Айтулы шараға біздің облысымыздан арнайы делегация қатысып қайтқан еді. Келелі жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласының әр бағытына жеке тоқталды.
Өзекті тақырыптардың бірі – үштілді білім беру жүйесін енгізу. 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылуда. Бағдарламаға сай, Қостанай қалалық №10 мектепте де көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды дайындау қолға алынған.Мемлекет басшысының ең негізгі қарастырған мәселенің бірі – педагог мәртебесін көтеру. Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөзі мұғалімдер қауымы жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екендігін білдіреді. Сондықтан ұрпақтың білімді, саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң жобасын іске асыру дұрыс деп санаймын, дейді №10 мектеп директорының м/а Айгүл Кәрімқызы.