16 мың депозит ашылған
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Дәурен Саудабаев БАҚ өкілдеріне осы банкте ипотеканы ресімдеудің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып берді."Біздің банк жүзеге асырып жатқан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі нарықтағы ең тиімді және сұранысқа ие, – дейді Саудабаев. – Салымдар бойынша тиімді мөлшерлеме 13% – ға жетеді. Мемлекет сыйлықақысы 20% құрайды,бұл 2% базалық ставка бойынша депозиттер бойынша осындай жоғары табысты қамтамасыз етеді. Танымал бағдарламалардың бірі – «Нұрлы жер», оның аясында 1 ш.м. үшін 140 мың теңгеге пәтер алуға болады. Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалында 65 мыңға жуық депозит бар, олардың 16 мыңы осы жылы ашылған. Айтпақшы, банкте тек тұрғын үй сатып алу үшін ғана емес, сонымен қатар жер телімдерін сатып алу үшін, үй салу, жөндеу үшін немесе екінші деңгейлі банктерде ипотеканы өтеу үшін қарыз беріледі"