“Милх” жеңімпаздар қатарында

"Алтын сапа" республикалық байқауының марапаттау салтанаты Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен өтті, – деп хабарлайды informburo.kz.милхБұл байқауға 200 тауар өндіруші қатысқан. Сарапшы комиссия үш деңгей және төрт аталым бойынша 14 жеңімпазды анықтады. Қостанайлық "Милх" ЖШС "Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үздік кәсіпорын" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. 
Тоқаев өз сөзінде 2025 жылы цифрлық технологиямен қамтылған ірі және орта өнеркәсіптер санын 200-ге дейін жеткізу керектігін айтты
"Бұл, әрине, оңай шаруа емес, бірақ бұл мақсатқа жету үкімет пен атқарушы органдар еңсере алатын міндет деп ойлаймын. Нәтижесінде қазіргі технологиялық даму деңгейінен "ақылды" өндіріс деңгейіне ауысуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, ел экономикасының алдында тұрған жаңа сын-қатерлерді ескеру қажет.
"Бұл – сауда соғыстары, ірі экономикалық державалар арасындағы санкциялық шектеулер. ДСҰ қағидаттарына нұқсан келтіретін сауда режимдерін шектеу жалғасуда, протекционистік саясат күшейтілуде. Мұндай жағдайларда Қазақстанның экономикалық әлеуетін іске асыру үшін ұлттық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту шешуші фактор болып саналады. Оған, ең алдымен, Үкімет атынан мемлекет көмектесуі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓