Аймаққа Асқар Мамин келді
Астықты аймаққа арнайы жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин келді. Мәртебелі мейман Қостанайдағы қызметін "Северный" шағын ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысудан бастады. Бұдан кейін Үкімет басшысы "Баян-Сұлу" АҚ бас сұғып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.
Осыдан соң, Индустриалық аймақ жұмысымен танысып, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС, "Заречное" ЖШС мамандарымен жүздесу жоспарланған.
Іс-сапар Рудный қаласында жалғасын табады. Асқар Мамин ол жақта Рудный цемент зауыты, ССКӨБ, "Лидер-2010" ЖШС баруы тиіс. Толымды ақпаратпен бірер сағатта таныс бола аласыздар.