Үкімет басшысы Қостанайда
Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы Қостанай ауданының Заречный селосындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен бой көтерген жаңа тұрғын үй қалашығында болды. Айта кетейік, 2017 жылдың күзінде Заречный кентіндегі «Северный» шағын ауданында 14 отбасы жаңа баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған болатын. Барлығы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Олар көп жылдар бойы осы аумақта жер телімін алуға кезекте тұрған. «Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған пилоттық жобасында мемлекет салымшыларға тиелісі 10 сотық жерді беріп қана қоймай, сол жерде жеке тұрғын үй салуға көмектесіп отыр.
Былтыр пилоттық жоба бойынша Қостанай ауданының Заречный елдімекенінде біркелкі типте салынған 165 баспана (18,2 мың шаршы метр) жеке тұрғын үй пайдаланауға берілген еді. Биыл 12,5 мың шаршы метр болатын 114 үй тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Қостанай облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру бойынша жеті айда 735 пәтер мен үй берілді. 2019-2021 жылдары 11 822 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің орынбасары С.Карплюктің айтуынша, өңірде «Бақытты отбасы» бағдарламасына 453 өтініш түскен. Оның 177-не жолдама берілді. Аз қамтылған 225 отбасына баспана алуға 1 млрд 870 млн теңге бөлінді. Қазір «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 84 өтініш қаралуда.
Заречный кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 279 тұрғын үй салынған. Оған жерге кезекке тұрған азаматтар салады. Аталған 279 баспананың барлығы қожайындары белгіленген. Және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 5% мөлшерлемемен беріліп жатыр. Баспақты тұрғын үй бағасының 20 пайызын салса болды. Тұрғын үйдің әр шаршысы үкімет белгілеген бағаға сәйкес саудаланады. Мәселен, 120 шаршы метрлік үйің бағасы 14 млн 400 мың теңгені құрайды. Яғни, алғашқы төлем 2 млн 880 мың теңгені құрайды. Өз тарапынан бапаналы болуға ниетті кез келген тұрғындың төлемді төлей алатындығын сараптайды. Аталған 120 шаршы метрлік баспананы 19 жылға есептесе алғашқы сегіз жылында 97 мың теңгеден, ал қалған 11 жылында 58 мың теңгеден төлейді, – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» директорының орынбасары Кирилл Гусев.
Ал қазір бұл аудан тұтас қалашыққа айналды. Асқар Мамин бастаған үкімет тобы осы ауданның құрылыс жұмысының нобайымен танысып, оң баға берді.