Мемлекет хатшысының өкілеттілігі кеңейтілді
ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттігі кеңейтілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы № 787 Жарлығына сәйкес Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
-Саяси партиялармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасы басшысының саяси партиялармен қатынасындағы мүддесін қорғайды;
-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты кеңесінің қызметін үйлестіреді;
-Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
-«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жұмысын үйлестіреді.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ:
-Қазақстан Республикасы Президентіне ішкі саясат бойынша стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;
-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жетекші мемлекеттік құрылымдарда және халықаралық платформаларда оның мүддесін қорғайды;
-Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-гуманитарлық салалар бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша;
-Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдарда;
-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияда;
-Мемлекеттік рәміздер және геральдика жөніндегі ведомстволық және оларға теңестірілген басқа да наградалармен марапаттау жөніндегі республикалық комиссияда;
-шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияда; ғылым және техника саласында Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияда;
-Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияда;
-Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияда;
-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияда;
-Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне және Жастар саясаты кеңесіндегі қызметін үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.