“Денсаулық жолы” акциясы жалғасуда

Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары “Денсаулық жолы” акциясы аясында Қамысты ауданында болып қайтты. Аудандық аурухананың базасында өткізілген ауқымды шараға жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Орталықтың директоры Ә.Садуақасованың айтуынша, басты мақсат – инфекциялық емес аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарын ақпараттандырып, саламатты өмір салтын ұстану қағидаларын түсіндіру.
ЗОЖУХААкция барысында орталық мамандары жергілікті тұрғындарға зиянды әдеттерден сақтану жолдары, дұрыс тамақтану, онкологиялық аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын ұстану жайлы кеңестер берсе, дәрігерлер қан қысымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады.
3ЗОЖ
-Қазір ауыл тұрмақ, қала тұрғындарының өзі тегін дәрігерлік тексерулерден өтіп тұруға ерінеді. Осы орайда, яғни тұрғындарға ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді түсіндіру мақсатында өңірдің елді мекендерін аралаудамыз. Бригада құрамында орталық мамандарымен қатар, онколог және кардиолог дәрігерлер де бар. Бұл жолғы сапарымызды шалғайдағы Қамысты ауданына арнадық. Шара барысында біздің мамандар жергілікті тұрғындарға дұрыс тамақтану, онкологиялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын ұстану тұрғысында лекциялар оқып, тегін үнпарақтар таратты. Ал, орталық аурухана дәрігерлері тұрғындардың денсаулығын тексерді. Жалпы, мұндай акциялардың берері мол, себебі осындай тегін дәрігерлік тексеріс барысында қант диабеті, семіздік, артериалды қан қысымы сияқты ауруларды анықтауға мүмкіндік мол. Мәселен, осы шара аясында артериалды қан қысымы бойынша бес адамға дәрігерге қаралуға жолдама берілді. Сондықтан да, тұрғындарға мұндай акциялардан қалыс қалмай, бір уақыт болса да өз денсаулықтарына көңіл бөлуге кеңес береміз, – дейді орталық директоры А.Садуақасова.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓