Вакцинация жалғасуда

Қостанай облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу жалғасып жатыр. 2021 жылғы 1 сәуірде 483 адам егілген. Оның ішінде, 1-компонентпен 127 адам екпе салдырса, 2-компонентпен 356 тұрғын вакцина қабылдаған.Халықты иммундау кезеңі басталғаннан бері барлығы 9813 адам вакцинацияланды (1-компонентпен – 7199, 2-компонентпен – 2614).
Иммундаудан кейін денсаулығына кері әсері тигені туралы шағымданғандар болған жоқ. 
Облысқа барлығы 12900 доза вакцина келіп түсті. 1-компонент дозалары саны – 7200, 2-компоненттің дозалары 5700-ке тең.
Халықтың барлық санатын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓