Жаңа жүйе іске қосылады

Қостанай облысының емханалары екі айдан соң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Бұған денсаулық сақтау мекемелері дайын ба? Жаңа жүйе бойынша қызмет көрсету тетіктері мен ерекшеліктерінен жалпы жұрт қаншалықты хабардар? Сақтандыру жарнасы қалай төленеді?  Алда қандай кедергілер кездесуі мүмкін? Олардың алдын алу үшін нендей қам жасалып жатыр? Бұл мәселелер облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен өңірлік МӘМС штабында талқыланды. WhatsApp Image 2019-11-01 at 08.22.05Жиын барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма директоры Нұрлан Қасымов баяндама жасап, жаңа жүйеге биыл қыркүйек айында көшкен Қарағанды облысында кездеске кедергілерді мысал етіп, олардың алдын алу шараларын ұсынды. WhatsApp Image 2019-11-01 at 08.22.02
    WhatsApp Image 2019-11-01 at 08.22.06(1)

WhatsApp Image 2019-11-01 at 08.22.06Бүгінде облыс бойынша 30 мыңа жуық адам сақтандырылмаған. Оның 16 мыңы сақтандыру жарнасын төлеуден бас тартып отыр.  Мұндай адамдар, әсіресе, облыс орталығында көп. Марат Жүндібаев бұл адамдарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.   WhatsApp Image 2019-11-01 at 08.22.05(2)
WhatsApp Image 2019-11-01 at 08.22.05(1)Жыл соңына дейін облыс емханалары мен ауруханалардағы қабылдау орындарына тұрғындарға сақтандыру жарнасын оңтайлы төлеуге мүмкіндік беретін арнайы терминалдар орнатылады.

Н.Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓