261 адамнан табылды
2 тамызда Қостанай облысында коронавирус 261 адамға жұққан.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 96, Рудный қ. – 45, Арқалық қ. – 31, Лисаков қ. – 23, Жітіқара – 22, Қостанай ауданы – 19, Әулиекөл ауданы – 15, Денисов ауданы – 7, Алтынсарин ауданы – 3.
222 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 39 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 231 адамда ауру белгілері болды, 30 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 2 тамыз аралығында COVID-19-ды 21 269 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 18 882.